Әлемдегі ең кедей президент зейнетақыдан бас тартты

© REUTERS/Andres Stapff

Әлемдегі ең кедей президент атанған Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухика сенатордың зейнетақысынан бас тартты, деп хабарлады The Telegraph.

Мухика 2010-2015 жылдары Уругвайдың президенті болды, кейін елдің Сенатына сайланды. Мерзімі 2020 жылға дейін болса да, ол тамызда қызметінен босату туралы өтініш жазды. Экс-президент өз әрекетін "ұзақ жолдан шаршағанымен" түсіндірді.

Сыншылардың пікірінше, ол президенттік сайлауға қатысу үшін сенаторлықтан кетті - Уругвайда мемлекет басшысын сайлау 2019 жылы өтеді.

Реклама
Реклама

83 жастағы Мухика 14 жыл түрмеде отырған. Ол Монтевидео төңірегіндегі күтушісі жоқ, су тартылмаған жерде тұрады. Президент болып жүргенде ол президент сарайында тұрудан бас тартқан және еңбекақысының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған. Президент лауазымында жүрсе де оның атында тек автомобиль болған - 1987 жылғы Volkswagen Beetle.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама