Әлемнің ең бай адамы ақшаны қайда жаратуды білмейді

REUTERS/Lindsey Wasson©

Amazon компаниясыны? негізін ?ала?ан Джефф Безос а?шаны ?алай табу емес, ?алай жарату керектігін ойлап табу ?иын?а со?атынын айтты, - деп хабарлайды Business Insider. Безос - ?лемні? е? бай адамы саналады.

Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос ақшаны қалай табу емес, қалай жарату керектігін ойлап табу қиынға соғатынын айтты, - деп хабарлайды Business Insider. Безос - әлемнің ең бай адамы саналады.

Миллиардердің айтуынша, тапқан қаражатты жарату оңай көрінгенімен, әбден бас қатыратын іс. 

"Мейрамханада отырып, жарата салатын ақша емес", - деп әзілдеді Безос. Ол қаражат жаратудың жалғыз дұрыс жолы - қайта инвестициялау, оған көп көлемде ақша құю қажет дейді.

Реклама
Реклама

Безос ғарыш кемесін жасаумен айналысатын Blue Origin компаниясына жыл сайын шамамен бір миллиард доллар қаражат құяды. "Өркениетіміздің даму жолында өте маңызды Blue Origin нақты миссиясы барын сеземін", - дейді Amazon басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Джефф Безостың байлығы 131 миллиард долларға бағаланып отыр, оның 125 миллиарды Amazon акциясы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама