Әлемнің төрт астанасында дизель отынына тыйым салынады

© segodnya.ua

2025 жылы Афина, Париж, Мехико ж?не Мадридте дизель отынымен ж?ретін ?оз?алт?ышы бар к?ліктерді пайдалану?а тыйым салынады, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

2025 жылы Афина, Париж, Мехико және Мадридте дизель отынымен жүретін қозғалтқышы бар көліктерді пайдалануға тыйым салынады, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Қоршаған орта туралы жазатын ВВС тілшісі Matt McGrath Париждегі ауа сапасы, саяси жетекшілерді дизель жанармайын қолдануға қарсы қатаң шаралар қолдануға итермелегені туралы жазған. Париж, Мехико, Мадрид және Афина әкімдері келесі онжылдықтың ортасында дизельмен жүретін барлық жеңіл және жүк көліктерін пайдалануды тоқтататынын мәлімдеді. Бұл тыйым экологияны жақсартуға бағытталған.

Соңғы жылдары дизель жанармайын көлік саласында пайдалану ауа сапасына айтарлықтай әсер ететіндігі дәлеледеніп келе жатқандықтан, ерекше назарға алынды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) жыл сайын үш миллионға жуық адамның көз жұмуы ауаның ластануымен байланысты екенін мәлімдеп отыр. 

Реклама
Реклама

Дизелді қозғалтқыштарды қолдану ірі қалаларда екі негізгі жолмен ауаны ластайды екен - қатты бөлшектерді бөлу және азот оксидтері (NOx) есебінен. Өте жұқа күйе қабаты өкпеге түсіп, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтырып, өлімге әкелуі де мүмкін. NOx тыныс алуды қиындатады, тіпті тыныс алу жолдарымен еш проблемасы жоқ адамдарды да. Бұл жағдай дәлеледенгеннен кейін экология үшін күресетін белсенділер ауа тазалығын қорғау үшін нақты нормалар мен ережелер қабылдану үшін сотқа жүгінеді. ВВС сарапшысы Roger Harrabin дизель отынына тыйым салу маңызды деп есептейді. 

Осыған байланысты әлемде электрлі, сутекті және гибридті көліктерді жақсарту мүмкінідігін пайдаланатын уақыт келгенін айтады ұлыбританиялық сарапшы. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама