Әлемнің бірінші ракеткасы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Әлемнің бірінші ракеткасы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді Фото: ©Reuters

"Үлкен дулыға" турнирінің үш дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, аустралиялық теннисші 25 жастағы Эшли Барти кәсіби мансабының аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ол әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде бірінші орында.

"Теннисті бала кезімнен ойнаймын. Алда қарапайым, қалыпты өмір сүргім келеді. Теннис менің барлық арманымды, мақсатымды жүзеге асырды. Қазір спортты артта қалдырып, басқа мақсаттарға жетуге тырысатын сәт туды деп санаймын", - дейді Барти WTA Tennis.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама