10 сәуір 2019 | 12:09

Әлемнің қай елдерінде өлім жазасы жиі қолданылады?

© MADplanet

2018 жылы өлім жазасы деректері үш есеге азайған. Бұл туралы Amnesty International құқық қорғау ұйымы зерттеу нәтижелері сайтында жариялады.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2018 жылы өлім жазасы деректері үш есеге азайған. Бұл туралы Amnesty International құқық қорғау ұйымы зерттеу нәтижелері сайтында жариялады.  

Зерттеу мәліметінше, 2018 жылы кемінде 690 адам өлім жазасы арқылы өлтірілген. Баяндамада мұның соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіш екені айтылады. 

Реклама
Реклама

"Әлемде өлім жазасына кесу шарасы кенеттен қысқарды, яғни бұл дегеніміз біз күткен елдердің өзінде басқа жолдарын қарастырып, осы шара арқылы барлық мәселені шешпейтінін аңғарғанын көруге болады", - деді ұйымның бас хатшысы Куми Найду. 

Өлім жазасына кесу бойынша көшбасшы елдер қатарында Қытай, Иран, Сауд Арабиясы, Вьетнам және Ирак сынды мемлекеттер бар. Алайда осы зерттеу нәтижесінде Қытай мәліметтері есептелмеген. Өйткені Қытайда мыңдаған өлім жазасы шарасы мемлекеттік құпия ретінде қаралады екен. 

Сондай-ақ, Иран, Ирак, Пәкістан және Сомалиде өлім жазасына кесу деректері азайған. Мысалы, Иранда 50 пайызға азайыпты. Ал Беларусь, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Судан және АҚШ-та бұл көрсеткіш өскен. 

Баяндамада БҰҰ-ға кіретін 193 елдің 106-сы өлім жазасын толықтай алып тастағаны, ал 36 мемлекетте мүлде қолданылмайтыны айтылады. 

Amnesty International мәліметінше, 2017 жылы 993 адам өлім жазасына кесілген, ал 2016 жылы - 1032 адам. Өлім жазасына кесілген адамдардың 27 пайызы есірткі қылмысы бойынша кінәлі деп айыпталған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная