Аляскада бұрын-соңды болмаған ыстық ауа райы тіркелді

Камила Долаева Журналист
Аляскада бұрын-соңды болмаған ыстық ауа райы тіркелді © pixabay.com

Аляска штатының бірқатар аудандарында бұрын-соңды болмаған рекордтық жоғары температура тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

Аляска штатының бірқатар аудандарында бұрын-соңды болмаған рекордтық жоғары температура тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, 4 шілдеде Аляскадағы ірі қала Анкоридждағы температура 32,2 градусқа дейін көтерілген. Оның алдындағы ең жоғарғы көрсеткіш 1969 жылдың маусымында тіркелген, ол кезде ауа температурасы 29,4 градусқа жеткен. 

Сондай-ақ, Кенай елді мекендерінде күн 31,6 градусқа дейін ысыған, мұның алдындағы рекорд 1903 және 1953 жылдары маусымда болған 30,5 градусқа тиесілі, сондай-ақ, Кинг-Салмонда - 31,6 градус (1953 жылғы маусымда 31,1 градус) рекордтық температура тіркелген. 

Реклама
Реклама

Синоптиктердің болжамынша, Алясканың оңтүстік аудандарында демалыс күндері ыстық сақталады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама