Аляскада ұшақ құлады

Cessna 206 ұшағы. © Flickr/ Joao Carlos Medau

Аляскада жеңілмоторлы ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан үш адам қаза болды, - деп хабарлайды ABC News.

Телеарнаның мәліметінше, әуе апаты жұма күні Аляскадағы Адмиралти аралындағы таулы аймақта болған. Cessna 206 ұшағы Ангун елді мекеніне жақын маңға құлады. Бортта болған адамдардың үшеуі қаза тауып, бір әйел аман қалды, ол қазір ауруханада.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты оқиға орнына тікұшақтар жете алмай жатыр. Осыған байланысты құтқарушылар ұшақ құлаған тауға жаяу шықты. Тірі қалған адамға қатысты әзірше басқа мәлімет жоқ. Сонымен қатар, оқиға кезінде ұшақты кімнің басқарғаны және оқиғаға ненің себеп болғаны да белгісіз.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама