08 қараша 2020 | 16:20

Әлиев Таулы Қарабақтағы маңызды қаланы бақылауға алғанын мәлімдеді

Фото РИА Новости©

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Қарабақтың Шуша қаласын (көлемі жағынан екінші қала) Әзербайжан қарулы күштері бақылауға алғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Қарабақтың Шуша қаласын (көлемі жағынан екінші қала) Әзербайжан қарулы күштері бақылауға алғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Шуша қаласы басқыншылықтан босатылды", - деді Әлиев АЗТВ мемлекеттік арнасы арқылы халыққа үндеуінде.

Реклама
Реклама

"Бұл трагедия". Таулы Қарабақтағы қақтығыс туралы әлем не деп жатыр?

Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан әскерлері Қарабақтағы әскери қақтығыс басталғалы бері 200-ден аса елді мекеннен басқыншылықтан босатты. 

"Әскери қақтығыстың басынан бері, 27 қыркүйектен бастап 200-ден аса елді мекен бақылауға алынды", - деді ол халыққа үндеуінде.

Сондай-ақ ол "егер Ереван Бакудің шарттарын орындамаса", ел армиясы "соңына дейін баратынын" атап өтті. 

"Біз жерді жалғыз босатамыз", - деп қосты Әзербайжан президенті.

Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная