Алты сәбиін буындырып өлтірген шеше өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Меган Хантсмен. ©Rick Bowmer/AP

АҚШ-та Юта штатының соты өзінің жаңа туған алты сәбиін өлтіргенін мойындаған 40 жастағы Меган Хантсменді өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Lenta.ru ресурсы Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Әйел сотта ауыр қылмысын метамфетаминге тәуелді болғандықтан және балаларды асырағысы келмегендіктен жасағанын мәлімдеді. 

Хантсмен босанған сәбилерін 1996 жылдан 2006 жылға дейін буындырып өлтіріп, көлік қоймасына тығып қоя берген. Әйел жаңа үйге көшкенде оның күйеуі Даррен Уэст сәбилердің денесін тауып алады. Айта кетейік, оның күйеуі есірткі сақтағаны үшін 8 жыл түрмеге отырып келген. Басылым әйелдің өз жүктілігін отбасы мүшелерінен және достарынан қалайша жасырып жүргені белгісіз қалып отырғанын жазады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама