02 қыркүйек 2020 | 14:11

Алты қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінде жазасын өтеп жатыр

Алты қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алты қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оның бесеуі абайсызда кісі өлтіру және тонау туралы бір қылмыстық іс бойынша жазасын өтеп жатыр. Олар 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бір әйелге келетін болсақ, ол есірткі мен психотроп заттарды сатқаны үшін жазасын өтеп жатыр - шамамен 5 келі есірткі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Егер шарт (сотталған адамдарды беру туралы) ратификацияланса, онда бас прокурор үкімді растау үшін Қазақстан сотына өтініш бере алады. Осыдан кейін барлық жағдайды ескере отырып, жаза тағайындалады. Егер ол сәйкес келсе және Араб Әмірліктері мақұлдаса, онда олар жазасын Қазақстанда өтей алады, - деді Болат Дембаев Мәжіліс отырысында.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная