14 мамыр 2019 11:37

Аляскада екі ұшақ құлады

13 мамырда АҚШ-тың Аляска штатындағы Джордж-Инлет бұғазында екі гидроұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Ketchikan KRBD радиостанциясы. Бұл мәліметті АҚШ-тың жағалау күзеті растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 мамырда АҚШ-тың Аляска штатындағы Джордж-Инлет бұғазында екі гидроұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Ketchikan KRBD радиостанциясы. Бұл мәліметті АҚШ-тың жағалау күзеті растады. 

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, он адам зардап шеккен және тағы үш адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ұшақтардың бірінде 11 адам, екіншісінде - бес адам болған. Ұшақтар Кетчикан қаласының солтүстік-шығыс бөлігіне жақын маңда судың үстіне құлаған. 

Құтқарылған 10 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

"Әзірге зардап шеккендердің қандай джарақат алғаны туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ, біз үш адамның мерт болғанын білеміз, тағы үшеуі іздестіріліп жатыр", - деді АҚШ-тың жағалау күзетінің басшысы Мэтью Шофилд.

Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. 

Әзірге әуе апатының себептері белгісіз.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram