09 қаңтар 2021 | 09:40

"Америкада бұдан былай сөз бостандығы жоқ". Twitter Трамптың аккаунтын біржола бұғаттады

© Reuters

Twitter АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың 80 миллионнан аса оқырманы бар жеке аккаунтын біржола бұғаттады. Бұл "арандатуды одан әрі қоздырудың жоғары қаупіне байланысты" жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Twitter АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың 80 миллионнан аса оқырманы бар жеке аккаунтын біржола бұғаттады. Бұл "арандатуды одан әрі қоздырудың жоғары қаупіне байланысты" жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"@realDonaldTrump-тың кейінгі жазбалары мен ондағы контекст мұқият қарастырғаннан кейін, арандатуды одан әрі қоздыру қаупіне байланысты аккаунтты тұрақты түрде қатырдық", - делінген 8 қаңтарда Вашингтон уақытымен кешке жарияланған әлеуметтік желі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Компанияның блогында Трамптың 6 қаңтардағы 12 сағаттық бұғаттан кейін Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге байланысты жазған соңғы екі твитінің мәтіні және компанияның оларды бұзақылыққа шақыру деп санауының себебі жазылған. Бұл турал Meduza хабарлады. 

Мысалы, Трамп Джо Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартқаны туралы жазбаны Twitter шабуылдың "қауіпсіздігін" білдіруі мүмкін деп санайды, өйткені онда қазіргі президенттің өзі болмайды.

Twitter-дің баспасөз хабарламасында әлеуметтік желілер мен басқа платформаларда жаңа қарулы наразылықтардың жоспары, соның ішінде Капитолийге және басқа да үкімет ғимараттарына екінші шабуыл 2020 жылдың 17 қаңтарында болатыны туралы хабар тарап жатқаны жазылған.

Трамптың үлкен ұлы бұл жағдайға наразы болды. "Америкада бұдан былай сөз бостандығы жоқ. Ол тек таңдаулылар үшін қалды...", - деп жазды ол өз парақшасында.

Twitter Трамптан басқа, Qanon конспирологиялық қозғалысымен байланысты бірқатар аккаунтты, соның ішінде Трамптың адвокаты Сидни Пауэлл мен оның бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флиннді де бұғаттады.

Бұған дейін Марк Цукерберг Трамп АҚШ президенті ретіндегі мерзімі аяқталғанға дейін алдағы екі апта Facebook пен Instagram-да бұғатталатынын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная