24 қаңтар 2021 | 13:54

Америкалық COVID-тен вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болды - БАҚ

Фото: Reuters

АҚШ тұрғыны былтыр желтоқсанда коронавирус жұқтырған. 21 қаңтарда COVID-тен вакцина салдырғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң қайтыс болған. Бұл туралы Калифорния штатындағы Плейсер округі шерифінің кеңсесіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ тұрғыны былтыр желтоқсанда коронавирус жұқтырған. 21 қаңтарда COVID-тен вакцина салдырғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң қайтыс болған. Бұл туралы Калифорния штатындағы Плейсер округі шерифінің кеңсесіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Плейсер округі шерифі кеңсесінің коронавирус бойынша денсаулық сақтау қызметі және бөлімшесіне желтоқсанның соңында COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Ол 2021 жылдың 21 қаңтарында қайтыс болған. Соған дейін бірнеше сағат бұрын COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған", - делінген кеңсенің Facebook желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Қайтыс болған азамат вакцинаны округтің денсаулық сақтау департаментінде салдырмаған.

Мекеме мәліметінше, әзірге өлім себебі туралы айтуға ерте. Қазір жергілікті, федералды және штат деңгейінде тергеу жүріп жатыр.

Fox телеарнасының мәліметінше, вакцина Modern немесе Pfizer компанияларының қайсына тиесілі екені белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная