26 шілде 2020 18:17

Америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді

Фото: Facebook.com

Paul (Сардар) Babcock есімді америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Paul (Сардар) Babcock есімді америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Paul Babcock-ті кезінде америкалық отбасы Қазақстаннан асырып алыпты. Бұл туралы ол Facebook-тегі Kazakh American Assosiation тобында жазды.

Реклама
Реклама

"Мен топқа жаңа қосылдым. Жаңа ғана Талғатпен (Тайлером) сөйлестім. Ол маған ата-анамды табу үшін осы топты пайдалануға кеңес берді. 2000 жылы мені Қазақстандағы Тараз қаласында америкалық отбасы асырап алды. Ол кезде бала едім. Мен 1999 жылы қыркүйекте дүниеге келдім. Маған ата-анамды тауып беруге көмектесіңіздерші! Менде бірнеше деректер бар, қайсынан бастарын білмеймін...

Менің (асырып алғанға дейінгі - автор) есімім - Сардар Бекнұрұлы Баймаханов, анамның есімі - Эльмира Қалмаханбетқызы, әкемнің есімі - Бекнұр Баймаханов", - деп жазды ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram