"Америкалықтар аңдиды". Лукашенко смартфоннан бас тартуға шақырды

Беларусь президенті Александр Лукашенко смартфон ұстайтындарды сынады. Лукашенконың сөзінше, ақылды адамдар баяғыда батырмасы бар телефонға өткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Беларусь президенті Александр Лукашенко смартфон ұстайтындарды сынады. Лукашенконың сөзінше, ақылды адамдар баяғыда батырмасы бар телефонға өткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен 12-ші смартфондар, айфондар туралы айтып тұрған жоқпын, сөйлесе беріңдер. Америкалықтар минут сайын аңдып, қайда жүргендеріңді білгенін қалайсыңдар ғой. Егер сендерге айтып отырғанымды түсінбесеңдер ала беріңдер" - деді Лукашенко.

Лукашенконың сөзінше, "ақылды адамдар" баяғыда батырмалы телефонға көшкен. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Беларусь президенті батырмалы телефоны барын айтқан. 

"Жоқ, мен тіпті телефонды қолда ұстамаймын. Егер маған бірнәрсе керек болса, мен баламды шақырып: "Маған мынаны көрсет" деп айтамын. Ал шолуды күн сайын баспасөз хатшысы дайындайды. Күнде сендер ұстап отыратын телефон менде жоқ", - деген еді Лукашенко бұған дейінгі сұхбатында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама