Америкалық әйел опасыз күйеуін көзге тамызатын дәрімен өлтірген

Америкалық әйел опасыз күйеуін көзге тамызатын дәрімен өлтірген ©linzopedia.ru

Оңтүстік Каролина тұрғыны күйеуін көзге тамызатын дәрімен улап өлтірген деген айыппен тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Полицейлердің хабарлауынша, 64 жастағы Стивен Клейтон үйінде өлі табылған. Полиция қызметкерлірінің болжауынша, ол баспалдақтан құлап өлген. Алайда, денені сою барысында ер адамның ағзасында көптеген химикат бары анықталды. 

Тергеу барысында зардап шегушінің әйелі үш күн бойы күйеуінің көз тамызатын дәрісіне су қосқанын мойындады. Медсарапшылар дәрі ағзаға енген кезде нейротоксин болып жүйке жүйесін бұза бастайтынын айтты.  

Жарнама
Жарнама

Басылымның хабарлауынша, осыдан бірнеше жыл бұрын әйел әлеуметтік желіде күйеуі көзіне шөп салғанын жазып налыған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама