Америкалықтар "Әл-Каида" лидерін өлтірген болуы мүмкін

© BBC

"Әл-Каида" содыры Мұхтар Белмұхтарды америкалықтар өлірген болуы мүмкін, - деп хабарлайды BBC.

Америкалықтардың Ливия аумағына бағыттаған әуе соққысы содырларды жойып жіберген болуы мүмкін. Басылымның хабарлауынша, Пентагон "Әл-Каида" орта дәрежелі иерархиясына әуеден соққы жасағанын ресми түрде мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрлігі, алдын ала болжам бойынша, соққы нысанаға дәл тигенін хабарлады.

Сонымен қатар, соққы кезінде салмағы 225 келі болатын екі F-15 жойғыш қаруы қолданылғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Мұхтар Белмұхтар 2013 жылы Алжирде газ кен орнына жасалған шабуылды ұйымдастырушылардың бірі. Шабуыл нәтижесінде батыс елдерінен әкелінген 38 тұтқын, сонымен қатар 3 америкалық қаза тапты. Белмұхтардың қайтыс болғаны туралы ақпарат бірнеше рет тарады, дегенмен бәрі жоққа шығарылды.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама