Амфибия адамын ойнаған актер коронавирустан қайтыс болды

© РИА Новости

"Амфибия адамы" фильмінде басты рольді ойнаған актер Владимир Коренев 81 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Амфибия адамы" фильмінде басты рольді ойнаған актер Владимир Коренев 81 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Иә, растаймын", - деді агенттікке сұхбат берген адам тиісті сұраққа.

Газета.ru мәліметінше, ол қайтыс болғанға дейін коронавирус жұқтырып "қызыл" аймақта жатқан.

Реклама
Реклама

"Амфибия адамы" фильмінен кадр

Владимир Коренев - кеңестік және ресейлік актер. 1940 жылы Севастопольде дүниеге келген, Ресей театр өнері институтын тәмамдаған. Оқудың соңғы курсында режиссер Владимир Чеботаревтің "Амфибия адамы" фильміне түсіп, бұл роль оған танымалдық әкелген. Кейінірек ол Станиславский атындағы Мәскеу драма театрында (қазіргі Станиславский электротеатры) өнер көрсеткен. Актер "Свет далекой звезды", "Дети Дон-Кихота", "Сыны Отечества" және басқа да фильмдерде ойнаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама