14 ақпан 2021 | 10:42

Анасы балаларын орманға апарып, шешіндіріп, суықта қалдырып кеткен

© 1tv.ru

Жаңа Мәскеуде әйел түнде үш баласын орманға апарып, оларды шешіндіріп, өлтіру ниетімен суықта қалдырып кеткен. Бұл туралы "Первый канал" сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Мәскеуде әйел түнде үш баласын орманға апарып, оларды шешіндіріп, өлтіру ниетімен суықта қалдырып кеткен. Бұл туралы "Первый канал" сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

33 жастағы Наталья Вазинаның үлкен ұлы 10-да, ортаңғысы екіде, ал кіші қызы бір жаста. Ол балаларын көлікке отырғызып, салон ішінде киімдерін шешіп, өзі де шешініп жылап жатқан балаларды орманға апарады.

Тергеушілер әйелді осы әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр. Жақында ол балалардың әкесімен жанжалдасып қалған екен, осылайша кек алмақ болуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

Абырой болғанда, балалар тірі қалған, бірақ әртүрлі дәрежеде үсік шалған. Олар жансақтау бөліміне түсті. Әйел де ауруханада, қазір оның психикалық денсаулығы тексеріліп жатыр. 

Балаларды итімен серуендеп жүрген Сосенский ауылы тұрғындарының бірі құтқарып қалды. Алдымен өзі жағдайға араласпақ болған, кейін полиция шақырды. 

Ер адам сұхбаттан бас тартты, бірақ телеарна тілшілері оның сүйіктісіне хабарласа алды: "Мен ол жаққа жүгіріп барғанда, ол баланы көтеріп алып бара жатқан, содан кейін полиция келіп, үш баланы бірге алып шықтық. Олар жалаңаш тұрды, ұзақ емес, 15-20 минуттай, бірақ әйел бір сағаттай болған. Ол үндемеді, кейде бір сұрақтарға жауап берді".

Қылмыстық іс қозғалды. Қамқоршылық органдары тергеу жүріп жатқан кезде балаларға қамқорлық жасай алатын әйелдің туыстарын іздеп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная