ПОДЕЛИТЬСЯ
21 тамыз 2021 | 15:23
Анджелина Джоли ауған халқы туралы айту үшін Instagram-ға тіркелді
Атақты Голливуд актрисасы және БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының арнайы өкілі Анжелина Джоли Instagram-ға тіркеліп, елдегі қазіргі жағдайға байланысты ауған халқының оқиғалары туралы айтуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атақты Голливуд актрисасы және БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының арнайы өкілі Анжелина Джоли Instagram-ға тіркеліп, елдегі қазіргі жағдайға байланысты ауған халқының оқиғалары туралы айтуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Дәл қазір Ауғанстан халқы әлеуметтік желілерде еркін сөйлесу және өз ойын білдіру мүмкіндігін жоғалтып отыр. Сондықтан мен олардың әңгімесі мен адам құқығы үшін күресіп жүрген бүкіл әлемдегі адамдардың ойын жеткізу үшін Instagram-ға келдім", - деп жазды актриса жазба сипаттамасына.
Джоли парақшасындағы бірінші жазбасына ауған қыздың хатын жариялады. Онда "Талибан" қозғалысы билікке (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) келуіне байланысты жағдай өзгергені және олардың аумақтарды басып алуы туралы айтылады. Жасөспірімнің айтуынша, бұрын ауғандар қалыпты өмір сүрсе, қазір "бәрі олардан қорқады" және адам құқығы бұзылып жатыр. Алайда "Талибан" қозғалысы өзгерді" деп ойлайтындар да бар.
"Бұл үшін қаншама уақыт пен ақша жұмсау, қантөгіс пен адам өлімін бақылау - сәтсіздік. Мұны түсіну қиын", - деді Джоли.
Los Angeles Times газеті де бұған дейін әлеуметтік желілерге күмәнмен қараған актрисаның Instagram-ға тіркелгенін жазды. Джолидің парақшасында қазірдің өзінде 3,5 миллионнан аса жазылушы бар.
Әсіресе соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түсті, "Талибан" қозғалысы ірі қалаларды басып алды. 15 тамызда бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат көздері шекараның барлық өткелі бақылауда екенін хабарлады. Сол күні содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғанын мәлімдеді.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "қырғын болмауы үшін" елден кеткенін айтты. 16 тамызға қараған түні "Талибан" қозғалысы саяси кеңсесінің өкілі Мухаммед Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также