ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2019 | 11:11
Анджелина Джоли рохинджа мұсылмандарының лагеріне барды
Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли БҰҰ арнайы уәкілі ретінде Бангладештегі рохинджа мұсылмандарының лагерінде болып, көрші Мьянманы этникалық топтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Global News.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли БҰҰ арнайы уәкілі ретінде Бангладештегі рохинджа мұсылмандарының лагерінде болып, көрші Мьянманы этникалық топтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Global News.
Киножұлдыз рохинджа халқының өкілдерімен жеке сөйлесті. Ол босқындармен, соның ішінде балалармен және зорлық құрбандарымен кездесіп, әңгімелесті.
"Әрдайым қудаланатын және азаматтығы жоқ отбасыларды көру өте өкінішті. Олардың өздерімен мал сияқты сөйлесетіндерін айтады. Сондықтан, Бангладеште рохинджа мұсылмандарына өмір сүру құқығын беріп, мойындағаны және олардың құжаттар мен жеке куәлік алып жатқанына қуаныштымын", - деді Джоли.
View this post on Instagram
A post shared by UN Refugee Agency (@refugees) on Feb 6, 2019 at 2:38am PST
Актриса Мьянма билігіне рохинджа мұсылмандарының өз үйлеріне қайтып келуі үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді сұрады: "Олар өз үйлеріне оралуына толық құқығы бар, бірақ олар өздерін қауіпсіз сезінуі керек, олардың қауіпсіздігіне нұқсан келмеуі тиіс".
Джолидің сонда баруының басты мақсаттарының бірі - биыл Мьянмадан көшіп кеткен босқындарды қолдау мақсатында БҰҰ-ға 920 миллион доллар жинауға көмектесу.
Айта кетейік, 2017 жылы тамызда Мьянмадан Бангладешке 730 мың рохинджа мұсылмандары қашқан. Мьянма тұрғындарының көбі буддизмді ұстанады, рохинджа мұсылмандарымен олар ондаған жыл бойы жанжалдасып келеді.
Показать комментарии
Читайте также