ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 сәуір 2020 17:26
Ангела Меркель карантиннен шығып, жұмысына оралды
Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель екі апталық үй карантинінен кейін жұмысқа оралды, - деп хабарлайды Reuters.
"Ангела Меркель бүгін Федералдық канцлер ведомствосына жұмыс орнына оралады. 14 күндік үй карантині аяқталды", - деп хабарлады ГФР Министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт 3 наурызда өткен брифингте.
Бұған дейін Ангела Меркельдің үйде оқшауланғаны хабарланған, себебі оған 20 наурызда пневмококтің алдын алуға арналған екпе жасаған дәрігер коронавирус жұқтырып алды. Германия канцлерінің COVID-19-ға тапсырған алғашқы сынақ нәтижесі теріс болды. Екіншісінен де инфекция расталған жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу