Англияда жүк көлігінен 39 адам өлі табылды

© REUTERS

Ұлыбританиялық Эссексте жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы графство полициясының ресми сайтында жазылған. 

Ұлыбританиялық Эссексте жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы графство полициясының ресми сайтында жазылған. 

23 қазанда англиялық Эссексте Өнеркәсіп паркінде ішінде контейнерлер мен өлі адамдар жатқан жүк көлігі табылды.


© REUTERS

Реклама
Реклама

"Апаттық қызмет оқиға орнына жетті. 39 адам өлі табылды. Оның 38-і ересектер, біреуі - жасөспірім", - делінген полицияның ресми хабарламасында. 

Адам өлтірді деген күдікпен жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі, Солтүстік Ирландия тумасы ұсталды. Құқық қорғаушыларының алдын ала болжамы бойынша, жүк көлігі Болгариядан келіп, елге сенбіде Уэльстің Холихэд атты шекаралық қаласы арқылы кірген. 


© REUTERS

"Осы оқиғаға байланысты жүк көлігінің жүргізушісін ұсталды, ол полиция тұтқынында, себебі тергеу әлі жалғасып жатыр", - деді полициядағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама