24 наурыз 2019 | 17:10

Анкара тұрғындарына бауырсақ пен наурыз көже таратылды

Камила Долаева Журналист
© Хабар 24

Ұлыстың ұлы күні Түркия Республикасында Анкара төрінде де тойланды. Еліміздің елшілігінде бас қосқан азаматтарымыз ынтымақ пен бірліктің үлгісін паш етті, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыстың ұлы күні Түркия Республикасында Анкара төрінде де тойланды. Еліміздің елшілігінде бас қосқан азаматтарымыз ынтымақ пен бірліктің үлгісін паш етті, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 

Түбі бір Түрік елінің зиялы азаматтарының басын қосқан айтулы мерекелік шарада халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілді. Бұл шараға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қатысты. Олар ұлттық үлгідегі киімдермен, еліміздің құндылықтарын көрсете білді. 

Реклама
Реклама

"Қай кездері болмасын, олардың айтары Қазақстан мен Түркия арасында қарым-қатынастар, стратегиялық әріптестік, ынтымақтастық байланыстарымыз тұңғыш президент, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жолымен жалғасатынына сенімді. Біз де осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сол сенімді жеткіздік түрік халқына", - дейді Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы.

Түркияның төріндегі Наурыз салтанатының құрметті қонақтары ақ дастархан басында халқымыздың қонақжай салтына сүйсінді. Ұлыстың ұйытқысына айналған мерекенің басты мәзірі - Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты.

"Біз Орталық Азиядан бастап, Балкан елдеріне тамыр жайған бір ағаштың бұтақтарымыз. Наурыз мерекесі бәрімізге ортақ. Атаулы мейрамды қазақ халқымен тойлап отырғаныма қуаныштымын. Бүгін өз дәстүрлерімізді қайта көріп, еске алып отырмыз", - дейді жергілікті тұрғын Табак Кемал.

Қазақ сахарасының көктем лебін Анкараға алып келген өнер иелері Анадолы аспанын ән мен жырға бөледі. Өнер майталмандарының шеберлігі туысқан жұртты тәнті етті.

"Өте қуаныштымыз. Керемет. Қаншама мемлекеттің диаспорасы мен мемлекет өкілдері мерекеге қатысып, өнерпаздары сахна алып отыр. Көк туымызды таныстырып жатқанымызға қуаныштымыз", - деді "Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Канаев. 

"Түрік елімен қазақ елі қашанда ынтымақтастығы берік болып, ауыз біршілікте болып осындай Әз-Наурызды жақсылықты күнде жүздесуді нәсіп етсін. Баршамызға наурыз құтты болсын. Осылайша күн мен түн теңеліп, табиғат түрленетін көктем мерекесі бірлікті бекемдеп, тамырластықты тереңдете түсті", - деді деді "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайым.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная