25 ақпан 2022 | 09:40

Anonymous хакерлері Ресейге қарсы "киберсоғыс" жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Anonymous халықаралық хакерлер желісі Ресей үкіметіне кибер соғыс жариялады. Бұл туралы белсенділер Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Anonymous халықаралық хакерлер желісі Ресей үкіметіне кибер соғыс жариялады. Бұл туралы белсенділер Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Anonymous ұжымы ресми түрде Ресей үкіметіне қарсы кибер соғыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, олар Ресейдің RT News үгіт-насихат станциясының сайтын жауып тастады", - делінген олардың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазіргі уақытта RT телеарнасының сайты қолжетімсіз.

РИА Новости мәліметінше, RT бейсенбі күні кешке сайттарына DDoS шабуылдары жасалғанын айтқан. Себебі, бұл сайттың шамамен 27 пайызы АҚШ-та орналасқан.

Бейсенбі күні кешке Кремль, Ресей үкіметі, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің сайттары да дұрыс жұмыс істемеді. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль сайты DDoS шабуылына ұшырамайды деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная