Аңшыларды қуған қолтырауын туралы видео тарады

видеодан үзінді

Аустралияда ?абан аулау?а шы??ан екі ер адам?а ?олтырауын шабуыл жасады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Аустралияда қабан аулауға шыққан екі ер адамға қолтырауын шабуыл жасады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Қолтырауынның шабуылдаған сәтін аңшылардың бірі видеоға түсіріп алған. Видеода ер адамдардың саяз өзіннен өтіп бара жатқан уақытта қолтырауын қуалай жөнелген. Аңшылардың бірінің дауысы ұатты шығады, ал екіншісі жағаға қарай ұмтылған. 

Жағаға шыққан кезде, видеоға түсіріп тұрған ер адам қолына мылтық алып жыртқышқа қарай ата бастайды. Қолтырауынға оқ дөп тиген секілді. РИА Новости мәліметінше, Аустралияның солтүстігінде қолтырауындар аборигендер үшін ерекше мән беретін болғандықтан күзетілетін аймақта жүреді екен.  

Реклама
Реклама

Еске салайық, Индонезияда қолтырауын шаманға шабуылдап, суға тартып кеткен. Ауыл тұрғындары таяуда жоғалған жерлесін тауып беруі үшін шаманның көмегіне жүгінген. Шаман суға кіріп мантра оқи бастаған сәтте, қолтырауын оған шап беріп, суға түбіне тартып кеткен. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама