Анталияда митинг кезінде жарылыс болды

© cnnturk

Анталияның Республика алаңында жарылыс болды, салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Қолдан жасалған жарылғыш затты орындыққа тастап кеткен.

Анталияның Респулика алаңынан шамамен 150 метр жерде үкіметті қолдауға арналған митинг кезінде жарылыс болды. Бұл туралы CNN Turk хабарлайды. Жарылыс салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді: олар жеңіл жарақаттар алған. Қала губернаторы Мунир Қаралоғлының айтуынша, оқиғаныңболуына қолдан жасалған жарылғыш заттың іске қосылуы себеп болған.

CNN Turk және NTV телекомпаниясының бұрынңы редакторы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында оқиға орнынан суреттер жүктеген.

Реклама
Реклама


© metesohtaoglu/Twitter.com

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаны мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция басшысы бұл оқиғаны "жай қарапайым жарылыс" деп қарастыратынын мәлімдеді.


Mete Sohtaoğlu @metesohtaoglu

Evrensel түрік газетінің мәліметінше, ел президенті Режеп Тайип Ердоған халықты шақырғаннан кейін кей кездері Республика алаңына шығуды әдетке айналдырған. Ол 16 шілдеде елдегі әсери төңкерістен соң хабарландыру жариялаған болатын.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама