Антарктидада салмағы триллион тонна болатын айсберг мұздықтан бөлініп кетті

Антарктидада салмағы триллион тонна болатын айсберг мұздықтан бөлініп кетті © REUTERS

Антарктидада салма?ы триллион тонна болатын айсберг м?зды?тан б?лініп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Б?л туралы Суонси университетіні? ?алымдары айтып отыр.

Антарктидада салмағы триллион тонна болатын айсберг мұздықтан бөлініп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Суонси университетінің ғалымдары айтып отыр.

"Айсберг 10 шілде, дүйсенбі мен 12 шілде, сәрсенбі күндері аралығында 5,8 мың шаршы шақырым болатын Ларсен С толықтай бөлініп кеткен сәтте пайда болған", - деп келтіреді мамандардың сөзін "Франс Пресс" агенттігі.

Суонси университетінің ғалымы Адриан Лакманның айтуынша, айсбергпен не болатынын айту әзірше қиын.

Реклама
Реклама

"Ол бүтін, еш бөлінбей қалуы мүмкін, бірақ дегенмен де ол жарылып кететін сияқты. Мұздың кейбір бөліктері сол аумақта қалатын болса, айсбергтің қалған бөлігі солтүстік жаққа кетуі мүмкін", - дейді ғалым.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, айсбергтің бөлініп кетуінен ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

 

 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама