ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қазан 2020 | 12:52
Антисептикті қолданудың "авторлық" тәсілін көрсеткен қырғызстандық депутат мемге айналды
Қырғызстандық депутат Тазабек Икрамов Бішкектегі Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында антисептикті қолданудың "авторлық" тәсілін көрсеткеннен кейін мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстандық депутат Тазабек Икрамов Бішкектегі Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында антисептикті қолданудың "авторлық" тәсілін көрсеткеннен кейін мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жақында Қырғызстан парламентінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда Садыр Жапаровтың премьер-министр лауазымына кандидатурасы бекітілді.
Депутат камераға кездейсоқ түсіп қалған, бірақ оның антисептикті қолдану әдісі Желі қолданушыларын таңғалдырды.
"Тазабек Икрамов қасында отырған адамнан санитайзерді алды да, бетіне шашты. Не үшін олай жасағаны түсініксіз. Дәл осы сәт журналистердің камерасына түсіп қалған", - деп жазады Кактус.media.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от НОВОСТИ БИШКЕК @kaktus__media (@kaktus__media) 10 Окт 2020 в 9:45 PDT
Telegram-дағы "Короче" арнасы да видеоның өз нұсқасын жариялады.
Мүмкін, халық қалаулысы адам көп жиналатын жерде масканың жоқтығын білдіртпеу үшін осылай істеген шығар. Айта кетейік, жақында Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар күрт өсті. Бір тәулікте жаңа жағдайлардың саны 307-ге жетті, 5 өлім тіркелді. "Бұл соңғы күндер мен айлардағы жаңа рекорд", - деп атап өтті республикалық штаб өкілдері.
Икрамов қырғызстандықтарға өзінің бастамалары мен мәлімдемелері арқылы танымал. Соңғылардың ішінде "Қырғыз Республикасының президенті мен Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы туралы" және "Депутаттың мәртебесі туралы" заңдарға енгізілген резонанстық екі түзету бар. Депутат "сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша сотталған адамдар мен олардың туыстарына Жогорку Кенешке сайлануға заңнамалық деңгейде тыйым салуды ұсынды. Ол сондай-ақ, жолдардағы кептелістер жаяу жүргіншілердің өте баяу жүруіне байланысты пайда болатынын айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также