11 тамыз 2020 | 11:12

Apple басшысы миллиардер атанды

Фото: vc.ru

Apple компаниясының басшысы Тим Куктың байлығы 1 миллиард доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Apple компаниясының басшысы Тим Куктың байлығы 1 миллиард доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, өткен аптада Apple акциясы 5 пайызға өскен. Нәтижесінде компанияның нарықтағы бағасы 2 триллион доллар болған.

Реклама
Реклама

Агенттік америкалық компания басшысында нақты қанша байлық бар екенін айтпады. Алайда Apple акциясының құны кенет төмендемесе, тамызда Кук 100 миллион доллар көлемінде сыйақы алатынын жазады. 

Сонымен қатар, ол 650 миллион доллар көлемінде дивиденттер мен басқа да бонустар алған екен. Бұл ақшаның жартысы салық ретінде төленеді. Алайда салықтан қалған 100 миллион доллар көлеміндегі ақша Куктың дәулетін арттыратыны анық.

"59 жастағы Кук 2015 жылы байлығының басым бөлігін бергісі келетінін және 1 миллион доллар тұратын Apple акциясын сыйға тартуды жоспарлап жүргенін мәлімдеген", - деп жазды Bloomberg.

Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

Сондай-ақ, агенттік 2011 жылы Apple компаниясының тең құқылы негізін қалаушы Стив Джобс қайтыс болғанын еске салды. Осы уақытта компания 350 миллион долларға бағаланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная