Ақ үй Трамптың Черногория премьерін итеріп жіберген жағдайды түсіндірді

© REUTERS/Kevin Coombs

А? ?йді? ресми ?кілі Шон Спайсер НАТО-ны? Брюсселдегі штаб-п?терінде А?Ш президенті Дональд Трамп пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович арасында бол?ан жа?дай?а байланысты м?лімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер НАТО-ның Брюсселдегі штаб-пәтерінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович арасында болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ президенті Дональд Трамп Брюсселдегі НАТО-ның жаңа штаб-пәтерін қарау кезінде алдыңғы қатарға шығу үшін алдында тұрған Черногорияның премьер-министрі Душко Марковичті итеріп жіберді.

Twitter желісінде жарияланған видеода Душко Марковичтің Америка президентінің қылығына таңырқап қалғаны байқалады. Трамптың бұл қылығына желі пайдаланушылары наразы болып отыр. 

Реклама
Реклама

Спайсер сол оқиғаның бүге-шүгесіне дейін айтып жатудан бас тартқан. "Мен ол видеоны көрмедім", - деді ол. Сонымен қатар АҚШ президенті баспасөз қызметінің басшысы НАТО-ға мүше елдердің көшбасшыларының жүру, тұру ережелері бар сол себепті де Трамп осы сызбаға сай жүріп отырған болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, Брюсселдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде осы ұйымға мүше елдердің кездесуі өтіп жатыр. Онда АҚШ-тың лаңкестікпен күрес бойынша альянстың қорғаныс шығындары мен күресін күшейту талаптары талқыланады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама