Ақорда Назарбаев Өзбекстанға барады деген мәліметке қатысты пікір білдірді

© Мухтар Холдарбеков

А?орда ?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ерте?, 3 ?ырк?йекте ?збекстан?а бармайтынын м?лімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?азір Назарбаев ?ытайда ж?р.

Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ертең, 3 қыркүйекте Өзбекстанға бармайтынын мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір Назарбаев Қытайда жүр.

Ал БАҚ-тар Қазақстан Президенті Өзбекстанға ертең барады деген мәліметті таратқан болатын. 

"Біз бұл мәліметті растамаймыз. Оның үстіне Мемлекет басшысы бірқатар шараға қатысады, оның G2 форумы аясында кездесулері жоспарланған, форумның өзіне де қатысады. Қазіргі уақытта бізде мұндай мәлімет жоқ ("Назарбаев Өзбекстанға бара ма?" деген сұраққа жауап - Авт.)", - деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.  

Реклама
Реклама

"Президент Өзбекстанға бара ма, жоқ па?" деген нақтылау сұрағына жауап былай болды: 

"Күмәнымыз басым".

"Күмәнданасыздар ма, әлде жоққа шығарасыздар ма?"

"Біз қазіргі уақытта Мемлекет басшысының G-20 аясындағы шаралардан өзге қандай да бір сапары туралы мәліметті жоққа шығарамыз", - деп түсіндірді Ақорда өкілдері. 

Ақордадағылар егер жоспар өзгеріп жатса, бұл туралы қосымша хабарланатынын айтты. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. 

Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама