АҚШ қалаларында жалаңаш Трамптың мүсіндері пайда бола бастады

© Associated Press

АҚШ-та Республикалық партияның кандидаты Дональд Трамптың жалаңаш мүсіндері пайда бола бастады. INDECLINE анархистік топ белсенділері осындай мүсіндерді бес америкалық қалада орналастырған, - деп жазады Washington Post басылымы.

Трамптың жалаңаштанған денесінің мүсіні 18 тамызда Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Кливленд және Сиэтлдің орталықтарында қойылған. "Бізге ұнайды ма, ұнамайды ма ол маңызды емес. Трамп әлем мәдениетінде әйгілі тұлғаға айналды. Тарихта мұндай адамдарды мәңгі есте қалдыру үшін оның мүсінін жасап, қадірлеген", - деді жобаны ұйымдастырушылардың бірі.

Басылымның хабарлауынша, Трамптың мүсіні керемет кейіпте емес. "Басқа әлем қалаларында орналасқан саяси тұлғалардың ескерткіштерімен салыстырғанда оның қабағы тұнжыраған, еріндері сығылған, денесі  кедір-бұдырлы, дене бітімі іркілдеп тұр",  - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ерекше мүсіндер көптеген қала тұрғынының қызығушылығын арттырған. 


© REUTERS

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама