АҚШ Қазақстанның сегіз қаласына атом бомбасын тастамақ болған

АҚШ Қазақстанның сегіз қаласына атом бомбасын тастамақ болған Пентагон ғимараты © cont.ws

Американың әуе күштері Қазақстан қалаларын бомбаламақ болған. Қара тізімге еліміздің 8 ең ірі өндірістік орталығы кіріпті. Жарты ғасыр құпия болып келген мұндай мәліметті АҚШ-тың ұлттық мұрағаты жариялап отыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Зымыранмен бомбалау туралы жоспарды Пентагон өткен ғасырдың 50-ші жылдары дайындаған. Құжатта атом бомбасы тасталуы тиіс қала мен стратегиялық обьектілердің сызбасы да бекітілген екен. Нысанаға Кеңес Одағы, Шығыс Еуропа мен Қытай аумағындағы жүздеген шаһар мен кәсіпорындар алыныпты. Тіпті бомба металлургиялық комбинат, қару-жарақ шығаратын зауыт, әскери бөлімдер, ірі кеніштер орналасқан Қазақстан қалаларына да тасталмақ болған. Тізімде Алматы, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Семей мен Өскемен бар. 

Дереккөз: "КТК" телеарнасы

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама