АҚШ "Ресеймен соғысу үшін" 900 вагон әскери техникасын Еуропаға жеткізді - БАҚ

А?Ш артиллериялы? ж?не ?зге де ?скери техникаларын немісті? Бремерхафен атты портына жеткізді. Ол Польша?а, кейін Балты? ма?ы елдеріне Ресеймен со?ыс ?шін НАТО ?скерін к?шейту ма?сатында жеткізілген делінеді. Б?л туралы RT телеарнасы немісті? Bundesdeutsche Zeitun басылымына сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ артиллериялық және өзге де әскери техникаларын немістің Бремерхафен атты портына жеткізді. Ол Польшаға, кейін Балтық маңы елдеріне Ресеймен соғыс үшін НАТО әскерін күшейту мақсатында жеткізілген делінеді. Бұл туралы RT телеарнасы немістің Bundesdeutsche Zeitun басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Бундесвер қолбасшылығы өкілінің айтуынша, 7-16 қаңтар аралығында күн сайын әскери техниканың үш құрамы жіберіліп отырады. Тасымалдау үшін 900 вагон қажет болады, ал құрамның жалпы ұзындығы 14 шақырымға жетеді екен.

"Құрама Штаттары Ресеймен соғысу үшін Германияға танктерін жеткізіп жатыр", - деп дабыл қақты неміс басылымы. Кейбір мәліметтер бойынша, бұл қырғи-қабақ соғыстан бергі ең ірі дайындық деп есептеледі.

Реклама
Реклама

АҚШ, Канада, Ұлыбритания және ГФР балтық маңы елдеріне шамамен төрт мың әскериді жөнелтеді.

Айта кетейік, YouGov компаниясы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың мәліметінше, америкалықтардың 64 пайызы әлем қарулы соғысқа жақындап келетініне сенімді. Ал соғыс болмайды деп тек 15 пайызы дауыс беріпті. АҚШ тұрғындары дүниежүзілік соғысқа себеп деп терроризм қаупін, Сириядағы және Таяу Шығыстағы қақтығыстарды атапты.

Ұлыбританиялықтардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы осындай нәтиже беріп отыр екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама