АҚШ Солтүстік Кореяға соққы жасауы мүмкін - БАҚ

© REUTERS

А?Ш кезекті ядролы? сына?ты? алдын алу ?шін Солт?стік Кореяны? ?скери нысандарына ескерту со??ысын жасауы м?мкін, - деп хабарлайды NBC телеарнасы барлауда?ы дерекк?зіне сілтеме жасап. 

АҚШ кезекті ядролық сынақтың алдын алу үшін Солтүстік Кореяның әскери нысандарына ескерту соққысын жасауы мүмкін, - деп хабарлайды NBC телеарнасы барлаудағы дереккөзіне сілтеме жасап. 

Телеарнаның мәліметінше, АҚШ-тың барлау қызметі Пхеньян алдағы демалыс күндері кезекті ядролық сынақтар өткізеді деп есептейді. АҚШ "Томагавкы" бар әскери мина тасушыларын ядролық сынақтар өткізіледі делінген жерден 500 шақырым жерге орналастырылған.  

Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Тынық мұхитындағы Гуам аралында орналасқан ауыр бомбалаушылар да қосылады екен. Телеарна АҚШ-тың кибершабуылдар, сондай-ақ "құрлықта" арнайы операциялар жүргізуі мүмкін екенін нақтылап отыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін АҚШ-тың Корей жартыаралына "Карл Винсон" әуе тасушысы бастаған соққы әуе тасушыларын жеткізді деген ақпараттар тараған. КХДР болса бұған жауап ретінде АҚШ-қа ядролық соққы жасайтынын мәлімдеген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама