АҚШ-та 30 тонна мұнай өзенге ақты

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

АҚШ-тың Колорада штатында су тасқынынан мұнай қоймасына зақым келіп 30 тоннаға жуық мұнай өзенге ақты,-деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға штаттың солтүстігіндегі Виндзор қаласында болған.

Мұнай қорын сақтайтын қойма Noble Energy компаниясының аумағында орналасқан. Қазірде экологиялық апат барысын зерттеу үшін оқиға орнында денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері жұмыс істеуде.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта өзенге аққан мұнай ауыз су қорына зақым келтірмеген" деп хабарлайды министрлік өкілдері.

Олардың айтуынша, Noble Energy компаниясының аумағында 178 баррел шикі мұнай сақтайтын екінші қойма бар. Бұл орынға ешқандай залал келмеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама