АҚШ-та кафені тонау кезіндегі кассирдің әрекеті Желі қолданушыларын таңғалдырды

видеодан үзінді

А?Ш-ты? Канзас-Сити ?аласында?ы Jimmy John's иама?тану желісінде істейтін кассирді? байсалдылы?ы Желі ?олданушыларын та??алдырды, ол кафені тонау кезінде еш арты? ?рекет жаса?ан жо?, - деп жазады 1news.az.

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы Jimmy John's иамақтану желісінде істейтін кассирдің байсалдылығы Желі қолданушыларын таңғалдырды, ол кафені тонау кезінде еш артық әрекет жасаған жоқ, - деп жазады 1news.az.

Осы оқиғаның видеосын кафеде орнатылған бейнебақылау камерасы түсіріп алған, YouTube желісіне жергілікті полиция жүктеген. Видеоның басында ұрының тапсырыс беріп тұрғаны түсірілген, кейінірек ол қалтасынан тапаншасын шығарып, кассирге қоқан-лоқы көрсетеді. 

Мекеме қызметкері өзіне тапнша тақалып тұрғанына қарамастан сескенбей, ешбір артық әрекетсіз кассадан ақшаны шығарып береді. 30 секундтан соң қылмыскер кафеден шығып кетеді. 

Реклама
Реклама

YouTube және Twitter желісінде жазылған пікірлерде тамақтану мекемесінің бұл әрекетіне таңданыс білдірді. 

"Сіздер шын айтып отырсыздар ма? Jimmy John's кассирі өзіне тапанша тақалып тұрса да сес білдірмеді! Мен мұндайды бұрын соңды көрген емеспін", - деп жазды Уэйн Дюпри. 

"Шырқы бұзылмас деген сөздің жанына мына жігіттің суретін қою керек", - дейді New Retro Geeк.

Сонымен қатар полиция ұрыны ұстағандарын мәлімдеді. Ол бұрындары қарулы шабуыл жасап, бірнеше рет сотталған 54 жастағы Терри Райфорд болып шыққан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама