АҚШ-та лай көшкіні жүріп, 14 адам қаза тапты

Фото REUTERS©

АҚШ-тың Вашингтон штатында лай көшкіні жүріп, 14 адамды батпақ басып қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып.Лай көшкін қатты жауын салдарынан Сиэтл қаласының солтүстігіне қарай 22 наурыз күні орын алған. Нәтижесінде 30 үй қираған. Сырғыма Стилагуамиш өзенінің бір жағын жауып қалып, су тасқыны қаупін туғызды. Қала билігі өзен жағасында тұратын елді мекендердегі адамдарды басқа аудандарға көшіріп, жоғалғандарды іздестіруде.Вашингтон штатының Снохомиш округінің өкілі Шари Айретонның айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 14 адамның денесі табылған, 100 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Қазіргі таңда лай көшкіні жүрген аймақта құтқару жұмыстары жалғасуда.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама