АҚШ-та қару-жарақ тиелген контейнер мектеп шатырына құлады

© REUTERS

Техасты? Эль-Пасо ?аласында ?скери тік?ша?ты? ішінде бол?ан ?ару-жара?тары бар контейнер бастауыш сынып о?ушылары мектебіні? шатырына ??лап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости KTSM телеарнасына сілтеме жасап.

Техастың Эль-Пасо қаласында әскери тікұшақтың ішінде болған қару-жарақтары бар контейнер бастауыш сынып оқушылары мектебінің шатырына құлап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости KTSM телеарнасына сілтеме жасап.

Мектеп округінің баспасөз хатшысы Ислеттің айтуынша, бұл оқиға бейсенбіде шамамен сағат 15.45-те (Астана уақыты бойынша сағат 02.45-те) болған. 

Форт-Блисс әскери база өкілдерінің мәліметінше, жергілік полиция қызметкерлері мектеп шатырына құлаған контейнерді қауіпсіз жерге көшірді. Таяуда ол әскерилерге жеткізіледі.

Реклама
Реклама

"Мектепке келтірілген кез келген шығын үшін кешірім сұраймын және ешкімнің зардап шекпегеніне қуаныштымын", - деді әскери авиация бригадасының командиры Джей Хопкинс.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама