Америкада мектепте атыс болып, бірнеше адам жарақат алған, - деп хабарлайды Fox57.
Оқиға Алаба штатындағы Бирмингем қаласында болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, мектеп қызметкері мен тағы бір адам жарақат алды. Қазір олар ауруханада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, атыс "абайсызда" басталған.