ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 ақпан 2017 09:42
АҚШ-та ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады
АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Риверсайд қаласында жеңілмоторлы ұшақт тұрғын үйдің үстіне құлап, бір адам қаза тапты.
Жергілікті биліктің мәліметінше, екімоторлы Cessna 310 ұшағы Риверсайд қаласының әуежайынан Сан-Хосе қаласына ұшып шыққан, ол әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң құлаған, - деп хабарлайды ТАСС. Алдын ала мәлімет бойынша, оның бортында төрт адам болған.
Ұшақ құлағаннан кейін өрт шыққан, екі тұрғын үй өртеніп, көрші ғимаратқа тараған. Ұшақтың не себепті құлағаны әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу