АҚШ-та жаяу жүргіншілер көпірі адамдарға құлады, қаза болғандар бар

Видеодан кадр

А?Ш-ты? Флорида штатында жаяу ж?ргіншілер к?пірі ?ирады. Т?тенше жа?дайдан ?аза тап?андар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БА? ?кілдеріне сілтеме жасап.

АҚШ-тың Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі қирады. Төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Көпір Майамидің оңтүстік-батысында Халықарадық университеттің кампусы маңында орналасқан.

БАҚ мәліметінше, салмағы 950 тонна болатын көпірдің астында бірнеше көлік қалып қалған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, көпір инновациялық технологиялармен жасалып, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына қауіпсіздікті кепіл етуі тиіс болған. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың басында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама