АҚШ тұрғынына Facebook желісінде тікелей эфир кезінде оқ атылды

видеодан үзінді

Америкалы? ?ыз?а Facebook желісінде тікелей эфирде бол?ан с?тінде о? атылды, - деп хабарлайды WGN9.

Америкалық қызға Facebook желісінде тікелей эфирде болған сәтінде оқ атылды, - деп хабарлайды WGN9.

Оқиға Вашингтон паркіне жақын маңда Чикагода болды. Телеарна мәліметінше, америкалық 27 жастағы қыз әлеуметтік желіде видео трансляция жасап келе жатып, тұрақта отырған бір әйелмен жанжалдасып қалған. Көп ұзамай шыдамы таусылған көліктегі әйел қыздың аяғына оқ атқан. Зардап шеккен қыз онлайн-эфирді тоқтатпай, ары қарай түсіруді жалғастырады. Екеуі таныс болып шыққан. 

Реклама
Реклама

Оқ атылған сәт кадрға түспеген, алайда құқық қорғау органдары видеода болған жәйтті растап берді. Жергілікті полиция шабуыл жасаған әйелді іздестіріп жатыр. Зардап шеккен қыз қазіргі уақытта ауруханада жатыр, оның жағдайы бірқалыпты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама