АҚШ-тың қаржы министріне бір қорап тезек сыйға берілді

Стивен Мнучин. ©Reuters

А?Ш-ты? ?аржы министрі Стивен Мнучин к?дікті с?лемдеме алды, оны? іші жыл?ыны? тезегіне тола бол?ан. Б?л ж?нінде NBC News хабарлады.

АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин күдікті сәлемдеме алды, оның іші жылқының тезегіне тола болған. Бұл жөнінде NBC News хабарлады.

Лос-Анджелестегі Бель-Эйр ауданына саперлер жасағы жетті. Қорап Мнучиннің көршілерінің үйінің жанына қалдырылған, бірақ сәлемдемеде министрге екені жазылыпты.

NBC телеарнасының құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сенсек, қорап сыйлыққа арналған қаптамамен оралған. Ішінде ашық хаты бар екен, онда Мнучин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың аты-жөні айтылады. Телеарнаның мәліметінше, ашық хатта қорқыту мәндегі ештеңе жазылмаған, алайда автор 22 желтоқсан күні Трамп қол қойған салыққа қатысты заңды қатаң сынаған.

Реклама
Реклама

Lenta.ru мәліметтері бойынша, президент каникулға кетер алдында қол қойған жаңа заң салық заңнамасы бойынша АҚШ-та 1986 жылдан бері жіті қайта қаралған заң болды.

Жаңа құжатқа сәйкес, ірі корпорациялар мен ауқатты америкалықтар салық жүктемесінің бір бөлігінен босатылады, алайда бұл аз қамтылғандарға аса қатысты емес. АҚШ үкіметінің пікірінше, бұл экономиканы өсіреді және орта таптың жағдайын жақсартады, бірақ сарапшылар бұл шара мемлекет қарызын тағы 1,5 триллион долларға ұлғайтады деп отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама