АҚШ ұшағы сириялық Су-22 бомбалаушысын жойды

© РИА Новости

Америкалы? ?скери ?ша? Табки ?аласыны? о?т?стігінде Су-22 бомбалаушысын жойып жіберді. Б?л туралы А?Ш бас?аратын халы?аралы? коалиция штабыны? ?кілдері м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Америкалық әскери ұшақ Табки қаласының оңтүстігінде Су-22 бомбалаушысын жойып жіберді. Бұл туралы АҚШ басқаратын халықаралық коалиция штабының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Жергілікті уақыт бойынша 18.43-те Сирия режимінің Су-22 ұшағы SDF (сириялық оппозиция) позициясының маңына бомба тастады. Қорғаныс ережелері бойынша оны америкалық F/A-18E Super Hornet жойғышы атып түсірді", - делінген хабарламада. 

Мәлімдемеде осы әрекеттің нәтижесінде SDF өкілдерінің жарақат алғаны, ал оппозиция жасақтарының қаладан шығуға мәжбүр болғаны айтылады. Сондай-ақ, "Ирак пен Сирияда ДАИШ террористік ұйымын жоюды мақсат тұтқан коалицияның сириялық режиммен, ресейлік әскерилермен немесе режиммен қызметтес күштермен соғысуды көздемейтіні, алайда коалиция күштерін немесе серіктестерді кез келген қатерден қорғау жолында мүдірмейтіні" айтылады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама