Ақырзаманның видеосы көрсетілді

© Youtube

YouTube видеохостингіндегі #Mind Warehouse арнасында адамдар жоқ болып кеткен жағдайда Жер бетінде не болатыны көрсетілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ақырзаман туралы видеода National Geographic арнасындағы ғылыми фильмдердің кадрлары пайдаланылып, бейнежазба "Адамнан кейінгі өмір" телехикаясының мәнерінде жасалды. The Daily Mail басылымының мәліметінше, осы видеоны түсірген режиссерлер мен сценаристер ғалымдардан, сонымен қатар, футурологтардан кеңес алған.

Реклама
Реклама

Роликте адамдар жоқ болып кеткен жағдайда бірнеше сағаттан кейін электр энергиясының, бірнеше күннен кейін метролар мен жерасты ғимараттарының жоғалатыны, ал бір айдан кейін АЭС-терде жарылыс болатыны көрсетілген. Жер бетінде Мысыр пирамидалары, Ұлы Қытай қорғаны мен АҚШ-тың Рашмор тауындағы ескерткіш ұзаққа сақталады екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама