ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 қаңтар 2018 10:00
Араб Әмірліктерінде жүргізушілерге жолда намаз оқуға тыйым салынды
Біріккен араб әмірліктерінде тасжолдың тоқтауға болмайтын бөлігіне көлік қойған жүргізушілерге мың дирхем (272 доллар) көлемінде айыппұл салынады, - деп хабарлайды Gulf News.
Жұмысшыларды тасымалдайтын автобустар және өзге де көлік жүргізушілері жол шетіне көп жағдайда сыйыну үшін тоқтайтыны хабарланып отыр. Ал бұл өз кезегінде өзге жүргізушілерге қауіп төндіреді.
Жол полициясының өкілдері ғибадат жасау үшін жанармай беккеттеріндегі намазханаларға немесе бірден мешітке баруға шақырып отыр.
2017 жылдың қарашасында Францияның ішкі істер министрі Жерар Коллон қала көшелерінде ғибадат жасаушыларға полиция бөгет жасай бастайтынын мәлімдеген болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу