26 қыркүйек 2020 | 12:03

Аргентина парламентінің отырысында депутат әйелінің омырауын сүйген. Ол онлайн отырғанын байқамаған

© YouTube/Todo Noticias

Аргентинада видеобайланыс арқылы өткен парламент отырысы депутаттың іс-әрекетінен кейін тоқтатылды, - деп хабарлайды ИноТВ.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аргентинада видеобайланыс арқылы өткен парламент отырысы депутаттың іс-әрекетінен кейін тоқтатылды, - деп хабарлайды ИноТВ.

Депутат Хуан Эмилио Амери отырыс кезінде жанында отырған әйелдің омырауын сүйе бастаған. Оның кеудесі бірнеше уақыт жалаңаш тұрған. Мұны барлық заң шығарушылар үлкен экраннан көрді. Тиісінше кадрлар да әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін 47 жастағы депутат отырыстан шеттетілді. Ол сол кезде онлайн болғанын білмегенін айтып, ақталды.

Хуан Эмилио бұл оқиғаға өкінетінін және "өте ұялатынын" айтты. Америдің айтуынша, ол өз аймағында, әдеттегідей, Интернет өшкеніне сенімді болған. Ол сондай-ақ серігінің он күн бұрын кеудесіне имплант салғанын айтты.

Осыған байланысты депутаттар палатасының төрағасы отырысты тоқтатты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясында бейнеконференциялар кезінде депутаттар ұйықтап жатқан немесе әріптестерінің көзіне қараудан қашқан кездер болған, алайда қазіргі жағдай "шынымен де шектен шыққандық".

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная