28 қазан 2019 11:54

Аргентинада жаңа президент сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентинада жаңа президент сайланды. Венесуэла мен Мексика СІМ министрлері аргентиналық оппозиционер Альберто Фернандесті сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Аргентинада жаңа президент сайланды. Венесуэла мен Мексика СІМ министрлері аргентиналық оппозиционер Альберто Фернандесті сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қазіргі уақытта 96,5 пайыз дауыс қаралған. Соның нәтижесінде Фернандес 48,06 пайыз, ал елдің қазіргі президенті Маурисио Макри - 40,4 пайыз жинаған. Жаңа сайланған президент қызметіне 10 желтоқсанда кіріседі. 

"Мексика үкіметі Фернандесті Аргентина президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтап, достық әрі одақтастықты қайта жандандыруға дайын екенін жеткізеді", - деді Мексика СІМөкілдерінің хабарламасында. 

Аргентинаның қазіргі президенті Маурисио Макрида өз қарсыласын құттықтады. 

"Жаңадан сайланған президент Альберто Фернандесті құттықтағым келеді", - деді Макри. Ол дүйсенбіде оны кездесуге шақырғанын айтты. 

Аргентинада президент сайлауы 27 қазанда өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети